ЖҮСІП Қадыр Өтегенұлы (10.1. 1937 ж.т.. Атырау обл. Атырауқ.) -ақын, ғалым, филол. ғыл. докт. (1996). проф. (1998). Атырау мемл. ин-тын бітірген (1961). 1961 -82 ж. мектепте мұғалім, аға тәрбиеші мектеп директорының орынбасары, обл. халық шығарм-ғы үйінің директоры, мектеп директоры қызметтерін атқарған. 1982 жылдан Атырау пед ин-тында оқытушы. «Ер Салық», «Данаелінде»,»Асқарақын»,»Мұнай бер», «Айша бибі» дастандарының авторы. «Естелік» (1993),»Асау Атырау» (1997) кітаптары, 100-ден аса ғыл. мақалалары, «Орта мектепте оқушылардың шығармашылық дағдысын қалыптастыру» (1993),»Орта мектепте лириканы талдау» (1994),»Жыр жиһазы» (1995),»Жұмекен Нәжімеденовтің ақындығы» (1995),»Жазушы, Ғалым, Ұстаз.» (1997),»Таңғажайып Бейбарыс» (2000),»Шың мен шыңырау» (2000),»Алмас жыр» (2003),»Әдеби толғамдар» (2004) ғыл. монографиялары жарық көрген. «Білім беру ісінің озық қызметкері» белгісімен,»Еңбек ардагері»,»Егемендіктің 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.