ЖҮСІПОВ Құмар

ЖҮСІПОВ Құмар (1905. бұрынғы Орал обл. Гурьев уезі. Сібірті болысы. 8-а. (қазіргі Атырауқ.
маңындағы «Тендік» кеңшарының Бесікті бөлімшесі) -16.9.1987. Атырау) -ақын,жыршы. «Қырымның қырық батыры», «Сейфіл -Мәлік»,»Бәдіғұл-Жамал»,»Зияда», «Көрұғлы», «Әмира», «Мәлік -Хасан», «Қорлығайын» сияқты дастандарын халық арасында жырлаған. Алғашқы «Сергелдең» толғауы 1924 ж. жазылған. «Ерлерге елден алғыс жауын жеңген», т.б. өлең,толғаулары жұртшылыққа танымал. Ж. шығармалары «Ақындар жыры» (1963), «Пернедегі термелер» (1965),»Айтыс» (1966),»Қазақтыңқазіргі халық поэзиясы» (1973),»Шұғыла» (1977). т.б. жинақтарында жарияланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *