ЖҮСІПБЕКОВ Хамза (1900. Қарағанды обл. Нұра ауд. -25.2.1938. Алматы) -жазушы, мемлекет қайраткері, аудармашы. 1920-22ж.Омбы. Ақмола губернияларында,Көкшетау уезінде жауапты қызметтер атқарған. 1922 -26 ж. БК(б)П Ақмола. Бөкей губ. к-ттерінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы,1927 -32 ж. БК(б)П Қазақ өлкелік к-ті бақылау комиссиясының алқа мүшесі және жауапты хатшысы, 1933 -36 ж. Қазақстан кәсіподақтар кеңесінің төрағасы, Қазақ АКСР әділет халық комиссарының орынбасары. 1936 -37 ж. Марксизм-ленинизм ғыл.-зерттеу ин-тының қазақ бөлімшесінде аудармашы.Қазақ мемл. көркем әдебиет баспасының директоры қызметтерін атқарған. 1935 -36 ж. Қазақ АКСР ОАК-ніңмүшесіболған. 1925-37 ж. мерзімдік баспасөзде әдеби-сын мақалалары,әңгімелері,очерктері жарияланып тұрған. » Қарсақбай» атты кітабы жарық көрген (1928). Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романын қазақ тіліне аударған (1935). Ж. 1937 ж. күзде «халық жауы» деген жалған айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Алматы қ. маңындағы «Жаңалық» а-ндағы қорымға жерленген.