ЖҮНІСТЕГІ Кәмел (7.1.1939 ж.т.. Қарағанды обл. Шет ауд. Аюлы баурайы) -жазушы. Ауд. комсомол к-тінің бөлім меңгерушісі. 1960 ж. Қарағанды пед. ин-тына оқуға түскен. 1962 ж. казақ жастары жасырын ЕСЕП-тің (Елін сүйген ерлер партиясы) ұйымдастырушысы ретінде саяси айыпталған. 1967 -84 ж. мектепте мұғалім. 1984 -88 ж. оқу бөлімінде. «Білім» қоғамында (1988),1989 -92 ж. мұражайда қызмет еткен. 1992 жылдан «Заман» газетінде редактор. «Дос көңілі», «Көне хикая»,»Құба белдері» трилогиясының,»Тар заман» спектаклінің авторы. Әуесқой композитор ретінде өзі шығарған «Арқа самалы», «Аюлым», «Домбыра»,»Туған жер»,»Жаз келді»,»Жас алаш» әндерімен танымал.