ЖҮНІСБАЕВ Несіп

ЖҮНІСБАЕВ Несіп (10.12.1950 ж т., Алматы обл. Қаратал ауд, Көпбірліка.) -спорт журналисі,жазушы,тоғызқұмалақтан Қазақстанның спорт шебері (1987),жоғары дәрежелі төреші,Қазақстанның еңб. сің. жаттықтырушысы (1998),Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. КазҰУ-ды (1975),Қазақ дене тәрбиесі ин-тын (1995. қазіргі Қазақ мемл. спорт және туризм академиясы) бітірген. 1975 -91 ж. «Лениншіл жас» («Қазіргі «Жас алаш») газетінің бөлім меңгерушісі болды. 1991-2003 ж. «SPORTks» газетінің бас редакторы,Ж. Қазақстанныңтоғызқұмалақтан өткен тұңғыш спартакиадасының чемпионы (1984) болды. Респ. Тоғызқұмалақ федерациясының тұңғыш президенті. Қазақстан спорт журналистері қауымдастығының төрағасы,Спорт тақырыбына арнап оннан астам кітап жазған. «Үшінші раунд» (1980),»Ауылдан шыққан алыптар» (1986),»Мексикадағы футбол тойы» (1988),»Футболмен тыныстаған Испания» (1989),»Олимпийский маршрут» (1999,2002) кітаптары жарық көрген. Ж. Қазақстанда тұңғыш «Намыс» ұлттық футбол клубын ұйымдастырушы. Әлем спорт журналистері қауымдастығының мүшесі және Азия спорт Журналистер одағы атқару к-тінің мүшесі. Орыс тілінде жазылған «Олимпийский маршрут: Барселона -92. Атланта -96. Нагано -98» атты кітабы 2000жылдың қорытындысында Қазақстан Республикасы Президентінің алғысына ие болды. «Жалын»баспасы ұйымдастырған жабық бәйгесінің(1985) жүлдегері. «Әкемнің қамшысы» (2002), «Намыс жыртар ұл қайда?» (2003) атты ой толғамдары жарық көрген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *