ЖЫРШЫ -жыр айтушы, таратушы. Ж-лар жырды домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады, сондай-ақ, эпик. шығармаларды да орындайды. Олар бұрыннан белгіліхалық дастандарын, поэмаларды айтып таратады. Кейбір Ж-лар өз жанынан өлең-жыр да шығарады. Ж-ны халықақынмен, әншімен, шешенмен қатар қойып қадірлеген. Қазақта Айса Байтабынов, Мұрын Сеңгірбаев, Нұрпейіс Байғанин -нағыз жүйрік, танымал Ж-лар. Ж. кейде белгілі бір әдеби шығарманы дастанға айналдырып жырлайды. Бұл -кейінгі кезде пайда болған дәстүр. Мыс.,А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романын қазақ ақындары, Ж-лары халық тіршілігіне бейімдеп жырлап, жаңа нұсқалар тудырған (Ә.Найманбаев, т.б.). Эпикалық туындыларды көп білгендіктен Ж-лардың кейбірі «жырау» деп те аталған (Марабай, Мергенбай, Базар, т.б.).Қазақ эпосының сақталып, өркендеуі үшін Ж-лар зор еңбек сіңірді. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілері солардың арқасында заманамыздың игі мұрасына айналды.