ЖЫР

ЖЫР (көне түркі тілінде -иыр) -1) кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Көне түркі тіліндегі «иыр» сөзі де қазіргі «поэзия» терминінің мағынасында қолданылған. Бұл атау дәл осы мағынада қазіргі қарақалпақ, қырғыз, ноғай, қарашай, бал ар, башқұрт, татар, т.б. түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады; 2) тар мағынада -қазақ халық поэзиясындағы 7 -8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро эпостық жырлар, жоқтаулар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, т.б. түгел дерлік поэзияның осы өлшемдегі үлгісіне құрылған. Поэзиядағы бұл жанрды жазба әдебиет өкілдері де (Абай, С.Торайғыров, т.б.) орнымен пайдаланған. Буын санының бірқалыпқа түсіп тұрақтануы -Ж. жанры дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған құбылыс. Ежелгі замандардағы Ж. өлшеміне аралас буын тән болған. Мұндай өлшем қазақ халқының толғауларында, ноғай халқының йырларында, башқұрт халқының қобайырларында, қырғыз халқының санатында сақгалған. Тар-мақтарындағы буын саны 7-ден 15-ке дейін жетеді. Аралас буынды үлгі-лер батырлар жырында да кездеседі. Поэзияның басқа өлшемдеріндегі өлең жолдары тұтаса келіп, шумақ құраса, Ж. тармақтары тирада түрінде шоғырланады. Тарихи генетик. тұрғыдан тирада үлгісі шумақтан бұрын қалыптасқан. Демек Ж. өрнегі өзге өлшемдерге қарағанда әлдеқайда ерте туған. Ж-дағы тирада үлгісіндегі тармақ пен ұйқас мөлшері және олардың арақатынасы қатаң сақталмай, жиі өзгеріп, құбылып тұрады. Дәл осы қарапайым ерекшелікке көпке дейін ғыл. мән берілмегендіктен, Ж-да басқа өлшемдегідей егіз, кезектес, шалыс ұйқас түрлері болады деп есептелініп келді, олардың жалпы саны 10-ға дейін жеткізілді. Мұндағы басты қателік тирада ішіндегі ырғақтық үзілістерді шумаққа теңгеруден туған еді. Кейінгі арнайы зерттеулер Ж-дың тармағы мен ұйқасы тирада пішініне ғана тән заңдылықтарға негізделіп түзілетінін айқын дәлелдеп берді. Ж-дың ұйқасы дара ұйқас (монорифма) және аралас ұйқас (полирифма) болып бөлінеді. Аралас ұйқас негізгі ұйқас пен қосымша ұйқастардан тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *