ЖЫЛҚАЙДАРОВ Иманжан (1882. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Ұлытау а. -10.8.1973. сонда) -ақын. «Әділбек» тарихи дастаны. «Сабыр» толғаулары,»Туысқандар қойды қол», Гүлденген менің Отаным» (1958),»Сәуле», «Ақмарқа», «Ұлытау»,»Әліби ерлігі»,»Ұлытау», «Шақшақ ұлы Жәнібек», «Назымбек» дастандары бар. Академик Ә.Марғұлан басқарған тарихи-этнографиялық экспедициясына (1947) қатысып,ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған. «Жастарым, жайна» таңдамалы шығармалар жинағы (1959) жарық көрген. Шығармалары «Пернедегітермелер» (1965),»Айтыс» (1966,3-т.), «Ленин деп халық жырлайды» (1969) жинақтарына енген. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.