ЖЫЛНАМА -оқиғалардың болған жылы, күні бойынша баяндайтын аса маңызды жазба деректер. Ерте заманда абыздар, тарихшылар, дін қызметкерлері, патша хатшылары жыл ішінде болған елеулі тарихи оқиғалар мен тарихи құбылыстарды рет-ретімен тіркеп, кітапқа жазып отырған. Ж-лар жазу дәстүрі ежелгі Мысыр, Үндістан, Қытай, Иран, Арабия. т.б. елдерден басталған. Ертедегі жылнамашылар, көбінесе. патшалардың іс-әрекеттерін дәріптеп, солардың беделі мен үстемдігін нығайтуды көздеген. Казақстан тарихына байланысты Ж-лар. негізінен, парсы және түркі тілдерінде жазылған. Бұлардың көрнектілері «Шайбанинама», «Тарихи Әбілхайыр хани», «Тарих-и Рашиди», «Бабырнама», «Шежіре -и турк», т.б. Бізге жеткен Ж-ның бірі -«Өткен уақыт хикаясы» («Повесть вре-менных лет»). Бұл хикая 10 ғ-дың 2-жартысындағы оқиғалардан баяндап, 1110 жылмен аяқталады. Ж-лар энциклопедиялық сипаттағы дерек көзі. Олардан ғылымның әр түрлі салалары үшін, медициналық, астрономия, т.б. бойынша көптеген ақпараттар алуға болады. Көне Русте IIғасырда Георгий Амортола, Малалдың Византия жылнамалары аударылды. Осы жылнамалар негізінде орыс авторлары»Еллин және Рим жылнамашысын» құрастырды. 15 ғ-да Иоанна Зонардың, Константин Манассидің 12 ғ. жылнамасы белгілі болды. Кейбір жылнамалар ерекше көркемделді. Осындай Ж-ның бірі -15 ғ-дағы К.Манассидің «Үлкен француз жылнамасы». Орыс әдебиетінде жылнама летопись деген атпен белгілі болды. Орыс Ж-лары қазақ халқының тарихы үшін маңызды дерек көзі болып табылады. Оны О.Сүлейменовтың «АЗ и Я» кітабынан көруге болады. Қазақтар туралы деректер Сібір Ж-ларында, т.б. Ж-ларда көптеп кездеседі. Мыс., Ш.Уәлиханов Никон жылнамасынан Ер Көкше батыр туралы мағлұматтар тапқан. Орыс Ж-ларында жиі айтылатын «көшпелілер», «далалықтар», «түркілер», т.б. біздің ата-бабаларымыз болып табылады. Казақ тарихы үшін Қадырғали би Қосымұлының «Жылнамалар жинағының» маңызы ерекше. Бұл еңбек 1602 ж. жазылып, бізге толық емес екі тізім және бір үзінді түрінде жеткен. Көшірмесі 1854 ж. Қазан қ-нда жарияланған. Ол туралы Ш.Уәлиханов «Осы басылым қазақтардың өткені туралы ең құнды, ең алғашқы жазба ескерткіш деп жазды.