ЖУРНАЛ

ЖУРНАЛ (франц.journal) -мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі. Ж-ды мекемелер, қоғамдық және шығарм. ұйымдар, ғыл. қоғамдар, академиялар, ун-ттер, сондай-ақ, жеке меншік иелері шығара алады. Ол газетпен салыстырғанда оқиғаларды кең көлемде баяндап, деректерге тереңірек талдау жасайды, өзінің ұстанған көркемдік бағытына орай қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал етеді. Мазмұны жағынан қоғамдық-саяси Ж.. әдеби-көркем Ж., спорттық Ж.. сатиралық Ж.. өндірістік-тех. Ж.. ғыл.-көпшілік Ж., ғыл.-ақпараттық Ж.. библиогр. Ж. болып, оқырмандарына қарай бұқаралық және оқырмандардың белгілі бір категорияларына (балаларға, жасөспірімдерге) арналғанболып бөлінеді. Дүние жүзіндегі тұңғыш Ж. Францияда 1665 ж. 5 қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді. Казақ тіліндегі алғашқы Ж. -«Айқап». 1911 -15 ж. аралығында оның 88 саны жарық көрген. Редакторы -М.Сералин. «Айқаппен» бірге «Ақмола» Ж-ы да шығып тұрды. (1911 -16). Кейін «Садақ» (1917,татарша-қазақша), «Айна» (1918),»Мұғалім» (1919),»Қызыл Қазақстан» (1921-29,қазіргі «Ақиқат»), «Шолпан» (1921-24),»Темірқазық»(1923), «Жасқазақ»(1923 -24), «Жас қайрат» (1923 -24),»Сәуле» (1923 -24),»Сана» (1923 -24), «Жетісу әйелі» (1924),»Таң» (1925),»Әйел теңдігі» (1925 -34,қазіргі «Қазақстан әйелдері»),»Жаңа мектеп» (1925 -33,қазіргі «Қазақстан мектебі»), «Пионер» (1925 -56),»Кедей айнасы» (1926-29),»Терме» (1926), «Жылқұсы»(1927), «Жаңаәдебиет» (1928-32,қазіргі «Жұлдыз»), «Жаршы» (1929 -30), «Балға» (1932),»Екпінді тілші» (1932 -33) сияқты Ж-дар жарық көрген. 1956 ж,»Ара», 1958 ж. «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Балдырған» (1960),»Білім және еңбек» (1978,қазіргі «Зерде»), «Пионер» (1987),»Арай»(1994),»Ұлағат»(1996),»3аң» (1997), «Алдаспан» (1998), «Амазонка» (2000),»Қазақстан»(жылы) т.б. Ж-даршығабастады. Қазақстан Республикасында демократиялық құндылықтардың берік орнығуына байланысты мемл. және жеке меншік 591 Ж. шығарылады (2005).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *