ЖОРЫҚБАЙ Табынбайұлы (1864,бұрынғы Сырдария обл. Перовск уезі, Қабылкөл а. -1932, сон-да) -ақын, жырау. «Нақыл сөздер», «Ошақты Садақбайға»,»Әліпбай милицияға», «Қожамұраттың Жақыбына», «Сапар құдаға», «Мыңбайдың бағасы», «Жорықбай деген шайырың», «Қармақшыда» «Ақназар ұстаға», т.б. өлеңдері сақталған Әсіресе Қарабалық болысы Алдияров Қараға шығарған өлеңі ақынды көпшілікке танымал еткен.