ЖОРАБАЕВ Қайсар

ЖОРАБАЕВ Қайсар (1.1.1947 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Қазығұрт ауд. Жаңабазара.)-аудармашы. ҚазҰУ-ды бітірген (1969). 1971-73 ж. Шымкент политех. техникумында, 1974 -1991 ж. Қазақстан Жазушылар одағында, 1991 -95 ж. халықар. «Қазақ елі» газетінде, дүние жүзі қазақтары қауымдастығында, 1997 -2000 ж. «Дәнекер» халықар. Құқық және бизнес ин-нда жауапты қызметтер атқарған. 2000 жылдан Қазақтың мәдениет және өнертану ғыл.-зерт. ин-нда қызметкер. Орыс жазушылары И.Буниннің, Д.Граниннің әңгімелерін, В.Поволяевтің «Естеліктен ескен леп» жинағын, «Теңіз беті бозтұман» жинағындағы әңгіме-повестерін, В.Протодьяковтың, С.Даниловтың (Саха Респ.), Ата Каушутовтың (Түрікменстан) әңгімелерін, Прибалтика, қырғыз. татар, башқұрт жазушыларының
шығармаларын қазақтіліне, Ә.Ыдырысовтың «Таңшолпан» романын В.Буренковпен бірге 2001 ж. орыс тіліне аударған. Он бестен астам кинофильмдер және бес пьеса тәржімалаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *