ЖОЛДЫКЕЙ Нұрманбетұлы

ЖОЛДЫКЕЙ Нұрманбетұлы (1874,Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд. -14.10.1949. Қарағанды обл. Нұра ауд.) -халық ақыны. Ж. өлеңді жазып та,ауызша да шығарған. Өлеңдері «Советтік Қарағанды» газетінде жарияланып тұрған. 1943 ж. Ғ.Мүсірепов Ж-ден оның»Домбыра сазы» толғауын жазып алған. Ж-дің «Әбуге», «Айтбайға», «Боздақтың баласына»,»Құланөтпес», «Туған
жер» өлеңдері, «Өмір» толғауы,»Төр көз бен мойнақ» мысал өлеңі бар. Ж. Көшен, Ғабдіман, Қайып ақындармен айтысқан. Ж. айтыстың жазба түрін де дамытқан ақын. 1947 ж. «Советтік Қарағанды» газетінде Ғабдіманмен жазба айтысына түседі. Ж. «Алпамыс», «Ер Тарғын»,»Қыз Жібек» жырларын жатқа айтып,ел ішіне таратушылардың бірі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *