ЖОЛДЫБАЕВ Молдағали

ЖОЛДЫБАЕВ Молдағали (1887,бұрынғы Орал обл. Ілбішін уезі, Қурайлы болысы. 2-а. -1938. Тайпақ) -қоғам қайраткері, педагог,журналист. Орынбор орыс-қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1910). 1910 -18 ж. Жұбанышкөл. Бұлдырты 4 сыныптықбірінші басқыш мектептерінде және Қарасу 6 сыныптық орыс-қазақ мектебінде мұғалім болған. 1921 ж. РК(б)ПЖымпиты уездік к-тінің төрағасының орынбасары. 1922 ж. Орынбордағы Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының Ғылым, баспасөз және әдебиет ісін басқаратын академиялық орт-ғының (Қазақстанның білім ордасы) төрағасы қызметтерін атқарған. 1927 ж. жаңадан шыға бастаған пед. басылым -«Жаңа мектеп» («Казақстан мектебі») журналыныңалғашқы редакторы болып тағайындалып, Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы әдістемелік кеңестің төрағасы,1933 -37 ж. БК(б)П ОК жанындағы Маркцизм-ленинизм ин-тының Қазақ бөлімшесінің қызметкері болған. ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ). Ал-маты журналистер мектебінде дәріс оқыған. 1913 -14 ж. «Айқап» журналында «Қазақтардың қазіргі халі»,»Болашақ», «Ауылда»,»Құрметті Әлжановқа жауап» мақалалары,1915 ж. «Қазақ» газетінде «М. Жаңа байбақты» деген бүркеншік есіммен «Бала тәрбиесі»,»Ғалымның надандықтан жеңілуі» мақалалары жарық көрген. Осы жылдары Т.Шонановпен бірге «Рабочая книга для чтения (1-й год обучения)»оқу құралын (1929. Қызылорда).М.Әуезов,Ә.Қоңыратбаевпен бірігіп»19 ғасыр мен 20 ғ. басындағы қазақәдебиеті» оқулығын (А„ 1933) жәнеӘ.Қоңыратбаев, М.Қаратаевпен бірігіп 4-сыныпқа арналған»Әдебиетхрестоматиясының» екінші бөлімін(Қ-о.,1934) жазған. «Ү», «Сасқан»бүркеншік есімдерімен, «Сын»,»Әдебиетдүниесінде», «Исатай Тайманұлы», т.б. мақалалар, «Жол жөнекей»,»Айрылу», «Тірілу», «Бесқашқын» атгы әңгіме-новеллаларжазған. 1937 ж. желтоқсанда бұрынАлаш қозғалысына қатысқаны үшін»халықжауы» деген жалған айыппентұтқынға алынып. 1938 ж. ақпандаату жазасына кесілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *