ЖИЫРМА ҮШ ЖОҚТАУ

«ЖИЫРМА ҮШ ЖОҚТАУ»-жинақ. 1926 ж. Мәскеудегі Шығ. халықтарының кіндік баспасында А.Байтұрсынұлы мен Ә.Бөкейханұлы жинап құрастырған жинаққа 23 жоқгау енген. Жинақ Ш.Бөкеевтің «Сыршы» деген жоқтау өлеңімен ашылған. Мамай батырды шешесі Қараүлектің, Қазыбек биді Мәңкенің,Нарманбет ақынның әкесі Орманбетті жоқтап айтқан жоқтауларында,Кеңгірбай биге,Кенесарыға, Наурызбайға,1916 жылғы Торғай өңірінде болған ұлт-азаттық көтерілісін басқарып,хан сайлаған Әбдіғаппарға арналған көлемді жоқтау өлеңдерінде. т.б. қазақ тілі мен тарихына,мәдениетіне байланысты құнды материалдар бар. Жинақта Абайдың баласы Әбдірахманды жоқтаған өлеңдері де жарияланған. Бұл жинақ еш түзету,өзгеріс енгізілмей.
1993 ж. «Мың бір мақал» деген жинақпен біріктіріліп қайта басылып шықты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *