«ЖӘМИЛА» -дастан. Авторы Семей обл. Шар ауд-ның тұрғыны Тембай Манабаев,Мәкежан Құлкенов деген кісі дастанды 1949 ж. ел аузынан жазып алған. Жыр сюжеті «Мың бір түн» ертегісінен алынып, өлеңмен жазылған,мазмұны «Сейфул-Мәлік» жырына ұқсайды. Дастанның бас кейіпкері Мәлікриян патшаның баласы Рабиғұлмәлік махаббат жолында қиял-ғажайып ертегілеріндей сиқырлы заттар жәрдеміменқиындықтарды жеңіп, өз мақсатына жетеді. Дастан бұрын баспа бетін көрмеген,қара өлең үлгісімен жазылған. Қолжазбасы Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы тұр.