ЖӘКЕ Қойтанұлы

ЖӘКЕ Қойтанұлы (1830, Шығ. Қазақстан обл. Зайсан ауд. Сайқан тауы -1914, Қытай, Сауыр тауы) -би, шешен. Он жеті жасынан ел ісіне араласып, билік айтқан шешендігімен танылған. 1883 ж. 800 үй меркіт руын бастап, Сауыр тауына қоныстанған, сол рудың үкірдайы болып сайланған. Керей, найман тайпаларына төрелік айтып, би болған. Түрлі дау-дамайларда әділдігімен көзге түсіп, «керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі» атанған. Тарбағатай, Алтай, Қобданы билеген қытай ұлықтары, салық салу, жер мәселесін Ж. бимен келісіп шешкен. Ж. ел ішінде сауат ашу ісіне де ат салысып, 1889 ж. Ласты өз-нің бойынан медресе ашқан. Зайсаннан Нұғман қазіретгі шақыртып, бала оқытқан. Сол медресе кейін «Жәке медресесі» аталып кеткен. Ж. бидің айтқан билік, нақыл сөздері Алтай аймағының орт. Сарсүмбе қ-нан шыққан «Таң шолпан» журналының 1947 жылғы 2-санында жарияланған. 1944 ж. немересі Қабыл тәйжінің аузынан І.Омаров жазып алған Ж-нің шешендік сөздері М.Әуезов мұражайында сақтаулы тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *