ЖӘКЕН Байтуов (28.4.1891 ж.т., Қарағанды обл. Шет ауд. Шаруа теңеу а.-19.2.1962, сонда) -халық ақыны. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Маясар, Болман, Тұңғышбай, Жалқыбай ақындармен айтысқа түскен. Ж. «Қойшы мен қасқырдың», «Ақ қой мен қара қойдың» айтыстары, «Наршөккен», «Бірінші майға» өлеңдері, «Саржан-Бодық», «Бөрі батыр», «Көк жайдақ», т.б. дастандары бар. «Сал-сал», «Абылай», » Наурызбай» дастандарын жатқа айтып, ел ішінетаратқан.