ЖИРЕНШИН Әбіш. Әбусағит Мұсылманқұлұлы

ЖИРЕНШИН Әбіш. Әбусағит Мұсылманқұлұлы (1913 -75) -ғалым, тарих ғыл. канд. (1946),доцент (1965). Ташкенттегі Орта Азия Коммунистік ун-тін (1936),Мәскеудегі Әдебиет ин-тын бітірген (1964). 1938-42 ж. Қазақстан ғыл. қоғамының председателі,1942 -51 ж. ҚР Орт. мұражайының директоры,1954 -59 ж. ҚР мемл. кітапханасының директоры. 1960 -62 ж. респ. кітап саудасы бірлестігінің басқарушысы. 1962-75 ж. Қазақгың мемл. қыздар пед. ин-тын-да қызмет атқарған. Оның «Абай и его русские друзья» (1945),»Абай -қазақ халқының ұлы ойшылы» (1950), «Абай және орыстың ұлы демократтары» (1959) зерттеулері,»АбайҚұнанбаев»шығармаларының бір томдық толық жинағы (1961),»Казақ кітаптарының тарихынан» (1971) монографиясы жарық көрген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *