ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН

ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН (т.-ө.ж.б.) -Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (15-16ғ-лар) тұсында өмір сүргенатақты шешен. Ж. ш. есімі ақыл. парасаттың үлгісі ретінде қазақауыз әдебиетінен берік орын алған. Ол дербес Қазақхандығынқұрудаханға көмектескен,оған пайдалы кеңестерайтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігі 15 -16 ғ-лардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуінен өткен ортақ мұраға айналып кеткен. Ж. ш. туралы аңыздарда оның әйелі Қарашаш та ақылды әрі тапқыр жан ретінде суреттеледі. Басқа түркі тілдес халықтар фольклорында да Ж.ш. туралы ертегі, аңыз, әңгімелер кездеседі. Мыс., қарақалпақта Жиренше шешен, қырғызда Жээренче чээчэн, түрікменде ақылды да тапқыр, әділ Ийкренче туралы аңыздар бар. Ж. ш. туралы әңгімелерді, негізінен, үш салаға бөлуге болады. Біріншісінде ол Жәнібек ханның уәзірі, ақылшысы, досы ретінде бейнеленеді, екіншісінде ханның кемшіліктерін бетіне айтып, ақыл-парасатымен өзін оған мойындата білген әділ адам ретінде суреттелсе, үшіншісінде оның өз әйелі Қарашашпен, т.б. қарапайым халық бұқарасы өкілдерімен қарым-қатынасы көрсетілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *