ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ, Жиембет Бортоғашұлы

ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ, Жиембет Бартоғашұлы -жырау, әскербасы. 16 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен Ж. ж.-қазақтарихындағы ел бастаған көсем деңгейіне көтерілген елеулі тұлғалардың бірі. Еңсегей бойлы ер Есім ханның ұлы жорықтарында асқан ерлік көрсеткен. Ол 1620 жылғы ойраттармен болған ірі соғыста Кіші жүз қолын басқарып, қазақтардың жеңіске жетуіне ықпал еткен. 1967 ж. Қазақ хандығы құрамынан бөлініп шығып, дербес билік құрғысы келген Қатағанның ханы Тұрсынның бүлігін басқан Есімнің қасында болып, ел тұтастығын сақтау жолында қажырлы қайрат көрсетеді. Кейін Кіші жүзге сөзі өтіп тұрғанЖ. ж-дың билігінен сескенген Есім хан, оны інісі Жолымбетпен бірге жер аударып жібереді. Ж. ж. ханның қаһарынан қайтпаған өр кеуделі адам болған секілді. Иесізаралғаайдалып бара жатқан Ж. ж.: «Еңсегей бойлы ер Есім, Есім сені есірткен, Есіл де менің кеңесім…» деп Есім ханғаайбат шеге, ойындағысын тайсалмай айтып кетеді. Ел аузындағы деректерге қарағанда, Ж. ж. сол айдауда жүріп, қайтыс болады. Келесі деректерде, Есім хан дүниеден өткеннен кейін туған жұртына қайтып оралады. Бірақ Ж. ж-дың Есім хан қайтыс болған 1643 жылдардан кейінгі ғұмыры белгісіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *