ЖИДЕЛІБАЙСЫН -қазақ фольклорында («Алпамыс батыр» жырында, Асан қайғы туралы аңыздарда, т.б.) жиі кездесетін берекелі, қасиетті, құтты мекен. 16 ғ-да Мұхаммед Шайбани бастаған Дешті Қыпшақтың көшпелі түркі рулары Орта Азия жерін басып алғанда, Ж. қазақ, қарақалпақ халықтарының құрамындағы қоңырат тайпасының үлесіне тиген. Жаңа қонысқа ауысқан қоңыраттардың саяси және әлеум. тұрмысында орын алған тарихи оқиғалар қазақтың «Алпамыс батыр» жырында эпик. түрде суреттеледі. Тарихи жағдайларға байланысты қалың қазақтан қол үзіп кеткен қоңыраттардың мекені уақыт өте аңызға айналып, қазақ фольклорында халық қиялының символы болған.