ЖЕТІТАРМАҚ — қазақ поэзиясында лирикалық өлеңдерде қолданылатын шумақ өрнегі. Мағжанның «Жазғытұрым», «Күзді күні» атты өлеңдерінде, Сәкеннің «Жазғы түнде» атты өлеңінде осы шумақ үлгісі алынған. «Жамылар ымырт, кеш батып, Тыныштанар бертін ел жатып,Басады шық мөп-мөлдір Сұлудың көз жасындай, Сап күміс меруерт тасындай, Жердің жүзі құлпырар әсем аспан да». Мұнда соңғы тармақ келесі шумақгардағы сәйкестармақпен ұйқасып отырады.