«ЖЕТІСУ ӘЙЕЛІ» -қоғамдық-саяси, әдеби журнал. 1924 жылдың басында 2 саны ғана жарық көрген. Таралымы 3000 дана. Көл. 4 б. т. Редакторы -С.Есова. Журналда қазақ әйелдерінің хал-жайы, оларды жаңа әлеум. жағдайға баулу туралы мақала, очерктер, өлең, әңгімелер басылған.