ЖАҢЫЛТПАШ

ЖАҢЫЛТПАШ — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Ж. ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып,әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Ж-тың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде келеді. Қазіргі кезде Ж. жаңа мазмұнға ие болып,түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа,бірлікке,адамгершілікке,ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. Мыс.: » Қамаштан көріп қалашты. Қалашқа Жарас таласты. Бөлінсін десең қалаш тең, Таласпа Жарас Қалашпен», Тәрбиелік маңызы бар мұндай Ж-тар балабақшалар мен мектептерде жиі қолданылады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *