ЖАҚЫПОВ Есенгелді Мүбаракұлы (10.4.1928 ж.т.. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Қарауыл а.) -ғалым. филол. ғыл. канд. (1975). ҚазҰУ-ды бітірген (1958). Респ. газет-журналдарда қызмет істеген. 1958 -66 ж. қазақ телерадио к-тінде аға редактор. 1966 жылдан Әдебиет және өнер ин-тында аға ғыл. қызметкер. «Дастаннан драмаға» (1979), «Эпос на сцене» (1977) монографиялық зерттеулері жарық көрген. Ж. С.Құдаштың «Ұмытылмайтын күндер» естелік кітабын. армян жазушысы О.Туманянның «Ертегі -әңгімелерін»,орыс жазушысы А.П. Чеховтың «Апалы-сіңлілер», орыс драматургі Л.3ориннің «Транзит», Э.Володарскийдің «Парыз», А.Ирзагитовтың «Жамбастағы жылан», Анардың «Шынжыр», Т.Минуллиннің «Осында туып,осында ер жеткендер» пьесаларын. т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударған.