ЖАҚЫПБАЙҰЛЫ Бозтай (1887, Павлодар обл. Баянауыл ауд. -1970. Алматы) — фольклортанушы, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы. 1934 -57 ж. Қазақ ұлт мәдениеті ин-тында, Тіл және әдебиет ин-тында қызмет істеген. Ж. жинаған батырлар жырының, тарихи дастандардың, айтыстардың және ән мәтіндерінің түпнұсқалары Орт. ғыл. кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы.