ЖАҚСЫБАЙ Ахат Имантайұлы (5.7.1940 ж.т.. Павлодар қ.) -жазушы. Қазақстанның еңб. сің. қызметкері(1991). ҚазҰУ-ды бітірген (1965). 1965 -67 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі»ЖасАлаш») газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі,1967 -72 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1972 -93 ж. «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы. 1993 -98 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы. 1998 -2000 ж. «Ақиқат» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. 2000 жылдан «Жас өркен» балалар басылымдары акцион. қоғамының президенті. Ондаған прозалық кітаптардың авторы. Бірнеше шығармалары орыс тіліне аударылған. Ағылшын жазушысы Г.Хаггардың «Маргарт ару» романын, орыс жазушылары Р.Медведевтің «Сталиннің серіктері» кітабын, В.Асафьевтің «Өмір өткелдері» повесін қазақ тіліне аударған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Жоғ. Кеңестің Құрмет грамотасымен марапатталған.