ЖАҒАНОВА Алтыншаш (23.12. 1945 ж.т., Ақмола обл. Астрахан ауд.) -жазушы, драматург. Мәскеудегі Әдебиет ин-тын бітірген (1974). Комсомол органдарында, «Қазақстан» және «Жазушы» баспаларында қызмет істеген. 1976 -86 ж. «Жаңа фильм» журналының бас редакторы, 1986 -88 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-ның аппаратында жауапты қызметкер, 1990 -94 ж. респ. «Қазақстан әйелдері» журналының бас редакторы, 1994 -98 ж. Қазақстан Жоғ. Кеңесініңдепутаты, 1998 -2004 ж. ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктің төрайымы болған. Қазір «Руханият» партиясының жетекшісі.Ж.»Әмина, қасқырлар және
ақырзаман» (1967),»Аққоян -Құмай тазы»(1968), «Еркетотай» (1972), «Тентектер» (1974),»Эхо по кругу» (1976),»Шалунья» (1983) әңгіме, повесьтердің, «Бәрі де анадан басталады»,»Нөсер», «Ала жіп аттағандар»,»Беймаза әйел»,»Жан алқымда»,»Обыр», т.б. пьесалардың авторы.