ЖАЯУ МҰСА Байжанұлы (1835. Павлодар обл. Баянауыл ауд. Жасыбай көлінің маңы -31.7.1929. Баянауыл ауд. Далба тауының етегіндегі Ақшоқы деген жер) -әнші,ақын, композитор. Жастайынан ән салып,домбыра тартқан. 1854 ж. Омбы қ-ндағы орыс мектебінде
оқыған. Ақынның тырнақ алды туындысы -«Қыздар-ай»,»Ақсиса», «Хау-лау», «Шормановқа», «Толғау», «Бұзау зары», «Тұтқын зары», «Сүйіндік», «Баянауыл», «Жаздың күні», «Жазда», «Ұльггау», «Сарын», «Тұрымтай», «Қаршыға», «Көгершін», «Құлбай», «Қазан қыздары», «Сұрша қыз», «Шолпан»,»Сәулем қыздар», Гауһар қыз», «Ләйлім», «Келдім, Сапар, басыңа», т.б. әндері, «Шал мен торғай», «Бөдене мен қаншыр» мысалдары бар. Сондай-ақ, Ж. М-ның «Қыз күйі», «Қыз бала күйі», «Қызқарқара», «Қамшылау» күйлерінің авторы. Ж. М-ның көп-теген қолжазбалары Алматы, Қазан, Санкт-Петербург, Омбы мүрағат-тарынан табылды. Оның әндері мен күйлерін алғаш нотаға түсіріп, жа-зып алғандар -А.В. Затаевич, А.Жү-банов, Е.Б. Ерзакович, М.Лалинов. Әнші бейнесі көркем шығармаларда (З.Ақышевтің «Жаяу Мұса» романы) сомдалды. Павлодар обл. Ақсу қ-ндағы мәдени-ағарту уч-щесі және Павлодар қ-ның бір көшесі Ж. М. есімімен аталады.