ЖАС ТҮРКІСТАН

«ЖАС ТҮРКІСТАН»-журнал. Алғашқы саны 1929 ж. желтоқсанда Парижде жарық көрді. Ұйымдастырушысы -Мұстафа Шоқай. Түркістанның ұлттық тәуелсіздік идеясын насихаттады. Журналды Польша президенті Маршал Пилсудский тарапынан құрылған «Прометей» қоры қаржыландырған. 1939 жылдыңтамызынадейін журналдың 117 саны жарық көрген. Мұстафа Шоқай Женент, Аткежір деген лақап атпен әр түрлі тақырыпқа мақалалар жазып отырған. 1939 ж. 2-дүниежүз. соғыстың басталуына байланысты журналды шығару тоқтап қалған. Алматыда құрылған (1996) Мұстафа Шоқай қоры 1998 жылдан бастап журналды «Жас Түркістан» атымен қайта шығара бастады. Журнал 2 айда бір рет шығады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *