«ЖАСКІЛЕҢ» -дастан. Тіл және әдебиет ин-тының фольклорлық экспедициясы 1948 ж. Омбы сапарында И.Бекмахановтан жазып алған. Дастан оқиғасының желісі қазақ жігіті Жаскілеңнің түсін баяндаудан басталады. Қалмақ ханының қызы Қоңыршаға ғашық болған Жаскілеңнің өз мақсатына жету жолындағы қиямет-қайым сапары баяндалады. Дастан мәтіні толық күйінде жаткен. Қолжазбасы Орт. ғыл. кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы тұр