ЖАР-ЖАР

ЖАР-ЖАР — қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды. Сәукелесін киіп отаудағы шымылдық ішінде отырған қалыңдықты қоршаған жа-қын жеңгелері мен бойжеткеннің құрбылары қыздың атынан жауап өлең айтады. Осылай айтыс түрінде орындалатын жауаптасу өлеңінде қыздар жағы оң жақга еркелеген қыз ғұмырдың өтіп бара жатқанына, өмірдің өткіншілігін жырлап, өкініш білдіреді. Жат жұртқа барғанда ата-анасы мен туған туысқандарының, құрбы-құрдастарының орыны толмайтындығын өлеңге қосып, әлі де болса ойнап-күліп жүре тұруға мүрша бермей аттандырып жатқан ата-анасына наразылығын білдіреді. Өз кезегінде жігіттер жағы ерге шығып, бала сүйіп, түтін түтетудің атадан қалған жол екен-дігін айтып, ол жаққа барғанда қайын жұртының туған-туыстарын жокгатпайтындығын айтады. Көбіне өлең мәтіні бір-біріне ұқсас болып келеді. «Жар-жар» сөзі дағдылы қайталанып келіп отыратындықтан да өлең осылай айтылады. Өлең мәтіні 11 буынды қара өлең үлгісімен немесе 7-8 буынды жыр ағымымен айтылады. Өлеңнің алғашқы екі жолы, көбінесе, ұйқас үшін алынған, тұспалды білдіретін мазмұнда болады, негізгі ой үшінші, төртінші жолда айтылады. Әдетте, Ж.-ж-да дәстүрлі қоғамның адамгершілік
ұстанымы жырланады, оның мәтінінде қалыптасқан дүниетанымды бұзатындай жаңа шумақтар сирек кездеседі. Кезектесіп көп дауыспен айтылатын Ж.-ж. табиғатында ойын-сауықтық сипаттар басым болады да, оның орындалу мәнері дала сахнасындағы театрландырылған көріністі елестетеді. Ж.-Ж. өзінің мәні жағынан өнегесі мол, өміршең жанр болып есептеледі. Казіргі заманғы үйлену тойындағы Ж.-ж. жаңа мазмұнға ие болған, оған ақын-жазушылар жаңа сөз жазып, жаңа әнмен жас жұбайлар тойында міндетті түрде орындалатын өнер туындысына айналған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *