ЖАРҒЫ -дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағының атауы. Ежелгі түркі тіліндегі «иар» («жар») сөзінен шыққан. Мағынасы -әмір, әмір беру, билік айту. Ал «Кодекс Куманикусте» бұл сөз -jar түрінде жазылған, мәні -шешім, берілген әмір. Қазақ хандығын билеген Тәуке хан заманында билер Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. қатысуымен құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін заңдар жинағы -«Жеті жарғы» құрастырылған. Ж.. негізінен, хан тарапынан бекітілген шешім болғандықтан, ол бүкіл хандық аумағында орындалуға тиісболды. «Ж» термині қазіргі кезде «устав» сөзінің баламасы ретінде қолданылып жүр.