ЖАРЫМБЕТОВ Ашубай (1879, Ақтөбе обл. Шалқар ауд. Кішіқұма. -1938. сонда) -ақын. Ақтөбе,Орал,Орынбор өңіріне ақындығымен танымал болған. 1918 жылдары Сыр бойын аралап,осындағы Кенжеғұлова Сырға деген қызбен айтысқан. («Айтыс»,2-т.,1965).Көпайтыстарының ішінде Бөлебаев Нұрмағамбет деген ақынмен айтысы да ел аузында сақталған.