ЖАРОКОВ Тайыр (26.9.1908. Орал обл. Жәнібек ауд. Жетібайа. -11.3.1965. Алматы) -ақын. Орынборда қазақтың халық ағарту ин-тан (1927). ҚазҰПУ-ды (1932), Ленинградтың тарих. философ. және әдебиет ин-тының аспирантурасын (1935) бітірген. 1932 -33 ж. Қазақстан Жазушылар одағында хатшы,1933 -34 ж. Қазақ мемл. көркем әдебиет баспасында редактор,1936 -38 ж. «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары. 1938 -42 ж. халық ақыны Ж.Жабаевтың әдеби хатшысы қызметтерін атқарған. 2-дүние жүз. соғысқа қатысқан. 1946-65 ж.Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақмемл. көркем әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы» баспасы) жауапты қызметтер атқарған. Алғашқы өлеңдері 1927 -28 ж. «Аэроплан», «Күлімдейді күміс күн де» жинақтарына енген. 1932 ж. «Жұлдыз жарығы» алғашқы өлеңдер жинағы басылып шыққан. «Нефтстан», «Коммунизм таңында» (1933),»Мотор жыры», «Күн тілқатты» (1934),»Мұз тұтқыны» (1935),»Нарын» (1935),»Тасқын» (1937, 1949), «Отан дауысы» (1938),»Тастағы жазу» (1940),»Совет сұңқарлары» (1942),»Бақыт жырлары», «Жапанды орман жаңғыртты» (1949),»Костер басында» (1952),»Қырда туған құрыш» (1954. 1955. 1956). «Жыр қанаты» (1956),»Құмдағы дауыл» (1958),»Тау жырлайды» (1962), «Теңіз баласы» (1963),»Тасқынғатосқын» (1965), Таңдамалы шығармаларының 1958 -59 ж. екі томдығы. 1972 -75 ж. төрт томдығы және 1951 -78 ж. бір томдығы. т.б. кітаптары жарық көрген. Ж. орыс ақындары А.С. Пушкиннің «Цыгандар», «Кавказтұтқыны»,»Коломнадағы кішкене үй»,»Ағайынды қарақшылар»,’Траф Нулин»,»Қысқы кеш»,»Қысқы ертеңгілік», М.О. Лермонтовтың «Черкестер», «Қылмысты»,А.Трибоедовтың «Ақылдың азабы»,М.Алигердің «Зоя», Н.Некрасовтың,В.Маяковскийдің,А.Сурковтың,грузин ақыны Ш.Руставелидің, украиндық .Шевченконың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Екі рет Еңбек Қызыл ту орденімен,»Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.