ЖАРМҰХАМЕДҰЛЫ Мұхамедрахым

ЖАРМҰХАМЕДҰЛЫ Мұхамедрахым (1928 ж.т.. Жезқазған обл. Сарысу а.) -ғалым. филол. ғыл. докт. Қызылорда пед. ун-тін (қазіргі Қызылорда гуманитарлық ун-ті) бітірген (1951). 1951 -58 ж. Оңт. Қазақстан обл. Бостандық а-нда мектепте мұғалім, кешкі мектептің директоры болып қызмет істеген. 1961 жылдан Әдебиет және өнер ин-тында кіші ғыл. қызметкер,аға. жетекші ғыл. қызметкер. Ж. 150-ге тарта ғыл. мақалалардың авторы,»Айтыстың даму жолдары» (1976),»Айтыс өнері» (1979),»Сарбаз поэзия» (1981),»Айтыс» (бүгінгі айтыс туралы. 1990),»Көненің көзі» (1966),»Шешендік өнер» (1998) атты монограф. еңбектері. орта мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған оқу қүралдары жарық көрген. «Еңбектегі ерлігі үшін»,үш рет Түркия мәдениет мин-нің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *