ЖАРМАҒАМБЕТОВ Тобық (1934. Ақтөбе обл. Байғанин ауд. Жарқамыс а. -1973. Ақтөбе қ.) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1957). Алғашқы»Ескі жұрт» әңгімесі «Жұлдыз» журналында жарық көрген. Жарқамыс орта мектебінде мұғалім. Ақтөбе обл. телерадио к-тінде аға редактор (1960),
бас редактор. Ақтөбе обл. «Коммунизм жолы»газеті редакциясында қызметкер. Ақгөбе обл. мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет атқарған. «Нәзік бұлттар» (1966),»Отамалы», «Эмигранттың өлімі»,»Екі жүрек» (1968),»Соңғы хат»,»Кішкентай махаббат»,»Қызылай»(1970), әңгімелері,»Сентябрь түні» (1973),»Өлімді жеңген өмір»,»Бәйтеректің жас шағы» повестері,»Соңғы хат» повестер мен әңгімелер жинағы (1974),»Ақ жауын» Таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1984) жарық көрген.