ЖАРАС Сәрсек (15.5.1968 ж.т., Алматы обл. Ұйғыр ауд. Сүмбе а.) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1995). Респ. «Өркен»,»Жас қазақ» жастар газеттерінде тілші,бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1996-2000ж.»Парасат» журналында, 2000-2001 ж. «Жетісу» газетінде,2001ж. «Қазақстан» журналында қызмет істеген. 2002 жылдан Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, Жазушылар одағының жанынан шығатын «Әдебиет айдыны» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарады. Ақын өлеңдері «Толқыннан толқынтуады» (1993), «Жас ақындар антологиясы» (1999).»Бәйге» (2001) ұжымдық жинақтарына енген.