ЖАРАПАЗАН-қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бірі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып,әр үйдің тұсына келіп Ж. айтады. Ж. мәтіні әбден қалыптасқан жаттанды шумақтардан құрылады. Мазмұн жағынан оны шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Ең алдымен. Ж-шы үйді, үй иесін мадақтаудан бастайды. Одан ислам дінінің шарттарын уағыздап, имандылыққа шақырып, өсиет айтады. Соңы бата берумен аяқталады. Әрине, айтушы өзінің қабілет-қарымына орай,жаттанды мәтіннің қаңқасын бұзбай өз ойынан да шумақтар қосып айта береді. Ж-ның негізгі мақсаты -ораза айында ел көңілін көтере жүріп,ислам дінін насихаттау, жұртты шариғатқа,иманға ұйыту, береке-бірлікке,ізгілікке шақырудан туған. Оған әсіресе жастар мен балалар белсенді ат салыса жүріп,өздері де үлгі-өнеге алған. Кеңестік дәуірдегі шектеулердің салдарьшан ұмытыла басгаған Ж. ислам діншің жандануына байланысты кайтадан салтқаеніп келеді.