ЖАПАР Құттыбайұлы (1828. Павлодар обл. Баянауыл ауд. -1907, сонда) -ақын. Жастайынан айтыстарға қатысып,есімі көпке мәлім болған. Ж-дың Қожабек,Ажар. Төребай ақындармен айтыстары белгілі. Ақынның «Күлше мен Назымбек» дастаны,»Ысмайыл мен Зағипа айтысы» халық арасына кең тараған. Шәймерден Торайғыров жинап тапсырған Ж. шығармалары мен ол жырлап берген ауыз әдебиеті үлгілері Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы.