ЖАНҒАЛИН Мұқтар Омарұлы

ЖАНҒАЛИН Мұқтар Омарұлы (3.12.1910. Қызылорда обл. Қармақшы ауд. -1975. Алматы) -жазушы, аудармашы. ҚазҰПУ-ды бітірген (1932). 1932 -35 ж. Жезказған мыс қорыту комб. директорының орынбасары қызметін атқарған. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Қазақ мемл. біріккен баспасының директоры, Шет елдермен достық және мәдени байланыс қоғамының төрағасы. Тіл білімі ин-тыныңмеңгерушісі, 1960 жылдан Қазақстан Министрлер Кеңесі мұрағат басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Ж. неміс драматургі Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» (1948),орыс жазушыларыА.Н. Островскийдің «Мысыққа бәрі майшабақ емес», М.Горькийдің «Егор Булычев және басқалар» ( 1948),»Коновалов»әңгімесін,Л.Леоновтың «Шапқыны» (1948) пьесаларын, А.Макаренконың «Ұстаздық дастанын» (1951). Ф.Достоевскийдің «Қылмыс пен жазасын» ( 1972). В.Васильевскаяның «Шұғыла» повесін,К.Станиславскийдің «Менің өнердегі өмірім» мемуарын, Н.Никитиннің «Солтүстік Аврора» романын, Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» эпопеясының 1.2.4-кітаптарын,үнді жазушысы П.Чанданың «Тха хури құдығы» аттыәңгімелер жинағын, т.б. Марк Твен, Т.Семушкин, А.Макаренко, Л.Толстой, Ф.Достоевский шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *