ЖАНУАРЛАР ТУРАЛЫ ЕРТЕГІЛЕР

ЖАНУАРЛАР ТУРАЛЫ ЕРТЕГІЛЕР, хайуанаттар жайындағы ертегілер -көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстың, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі қоғамдағы адамдар мінезін,олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан-жануар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін ауызекі эпикалық әңгімелер. Бұлар. негізінен, үш топқа жіктеледі: этиологиялық Ж. т. е.,классик. Ж. т. е. және мысал ертегілері (аполог). Этиологиялық ертегілер -өзінің шығу мерзімі жағынан Ж. т. е-дің ең көнесі. Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі,оныңсолай болу себебі жайында баяндалады. Бұл топтағы ертегілердің басты ерекшелігі -оқиғаны себеп-салдарлы сипатта баяндауы және байырғы синкреттілікті сақтап қалуымен этиологиялық мифке жақын болуы. Бұл ертегілердегі негізгі кейіпкер жануарлардың сипаттамасы басқа елдер ертегілерімен сарындас. Мыс., түлкі -аса айлакер, екі жүзді, алаяқ қу, қасқыр менжолбарыс -адуынды озбыр,қара күш иесі, аю болса -икемсіз,қарабайыр. т.б. Шығыс және Еуропа халықтарының Ж. т. е-інің негізін классик. Ж. т. е. құрайды. Көбіне балаларға арналған адам мінезінің ақылдылық, ақымақтық,қулық-сұмдық жақтарын суреттеу арқылы ашып береді. Классик. Ж. т. е-дің құрылымы онша күрделі емес. Олардың сюжетінің әрі композициясының негізі хайуанаттар арасындағы кездесулер мен қақтығыстарға құрылады. Бір сарынды эпизодтардың өзгермей,үнемі қайталанып келетін түрі көптеген әлем халықтары
ертегілерінде бар. Олардың үлгілері -«Қотыр торғай», «Кім неден күшті», т.б. ертегілер. Мысал ертегілер -мұнда баяндау белгілі бір моральдық қағида мен тұжырымды дәлелдеуге бағытталады, сол себепті ертегі көп жағдайда нақылмен аяқталады. Қазақ халқының мысал ертегілері шығыс фольклорымен тығыз байланысты. Орта Азияға, Қазақстанға кең тараған «Калила мен Димна», «Тотынама», т.б. Ж. т. е. адам болмысының ертедегі тотемдік сенімдермен байланысты туған. Ж. т. е-дің прозалық баяндаудан өлеңге көшіп отыратын үлгілері де кездеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *