ЖАНР

ЖАНР — (франц. genre, лат. generis-түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Әдебиеттегі Ж. -әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан,ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. «Жанр» сөзі француз тілінде «тек» ұғымын береді,сондықтан да
эпос, лирика және драманы ертеректе Ж. деп атады, кейде Ж. терминіәдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттіңтегі мен түрі), Ж-ларды тегі мен түріне қарап лирикалық, эпостық және драм. деп бөлеміз. Әлемдік әдебиетте лирикалық Ж-ларға: элегия,эпиграмма, эпитафия, ода, идилла, сонет, ронд, мадригал, баллада, памфлет, романс, өлең, терме, толғау, т.б.жатқызады. Адамның көңіл-күйі, ой мен сезімінің үндесуі лирикалық Ж-лардың басты ерекшеліктері болып табылады. Олар өзара өзіндік реңк, бояуымен де ерекшеленеді: элегия -мұң, эпиграмма -сықақ, ода -мадақ, т.б. Лирикалық Ж-ларды мазмұны мен тақырыптық өзгешеліктеріне қарап қана емес, бейнелеген өмір құбылыстары, ой-сезім өрнектері ерекшеліктеріне байланысты саяси-әлеум. лирика, филос. лирика, көңіл-күй лирикасы, табиғат лирикасы, т.б. жүйелеп топтастыру үрдісі де бар. Э п о с т ы қ Ж-ларға эпикалық кең тыныс, көп желілік, мазмұн қоюлығы, баяндау стилі тән. Дегенмен, бұл Ж-лардың да шағын, орта және үлкен түрлері бар (әңгіме, повесть, роман), ЭпостықЖ-лар ұлттық әдебиеттегі аңыз, ертегі, батырлық, тарихи жырлардан бастау алады. Қазіргі заманғы әдебиеттегі эпостық Ж-ларға: новелла, мысал, әңгіме, повесть, поэма, роман, роман-эпопея, т.б. жатады. Драмалық Ж-лардың драма, трагедия, комедия сияқты тарихи қалыптасқан үш түрі бар. Драм. Ж-лар іштей Ж-лық түрлерге бөлінеді. Трагедия мен комедияның бір-бірі-мен ұштаскан траги комедия, ал комедияныңлирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс, т.б. түрлері бар. Комедияда өмірдің келеңсіз құбылыстары, адам мінезіндегі мін -күлкі, әзілмен беріледі. Ал трагедияның Ж-лық ерекшелігі -шығарма күрделі оқиға, ымыраға келмейтін тартысқа құрылып, соңы қайғымен аяқталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *