ЖАНКІСІ Басыбайұлы (1772. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Қарағандысай бойы -1849. Сыр бойы) -ақын,би. Кейбір аңыз-әңгімелерде Ж-нің шын аты -Жанқиса және ол Қоқан хандығы әскерлерімен қақтығыста қайтыс болған делінеді. Жанқисаның жанама аты Ж. екенін Е.Бекмаханов та көрсеткен. Ж. шығармаларының көпшілігі сақталмаған. «Мақпал -Сегіз» дастанының үзіндісі. «Қоқан ханына айтқаны»,»Қожыққа айтқаны» толғаулары ғана жеткен. Ж-нің «Қоқан ханына айтқаны» толғауы «Ай, заман-ай,заман-ай» жинағына енген және осы толғауы 1830 ж. орыс тіліне аударылып, «Песня о временах владычества коканцев» деген атпен «Образцы киргизской поэзии в песнях эпического и лирического содержания. переложенных в русские стихи» жинағында жарық көрген (1885. Орынб..). Кейбір шығармалары Әдебиет және өнер ин-тының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы тұр.