ЖАНДЫБАЕВ Ғұсман (25.3.1944 ж.т., ШҰАР, Тарбағатай аймағы, Шағантай ауд.) -ақын. Алматы а.ш. техникумын (1963). ҚазҰПУ-ды (1971) бітірген. 1964 -65 ж. Алакөл ауд. «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер, 1964 -65 ж. ауд. мәдениет бөлімінде қызметкер, 1965 -82 ж. Талдықорған обл. Алакөл, Қапал ауд. мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, 1982 -85 ж. Қазақ телерадио к-тінде Әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясының редакторы, 1985 -87 ж. » Мектеп» баспасында редактор,1988 -89 ж. «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі, 1989 -2000 ж. «Жазушы», «Рауан», «Білім» баспаларында редактор, бөлім меңгерушісі, «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір «Жазушы» баспасында редактор. Алғашқы өлеңдері «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттерінде 1962 жылдан жариялана бастаған. Өлеңдері «Жер жүрегі» (1966), «Құс жолы» (1967),»Жас керуен» (1969) жинақтарына енген. «Асыл жандар» (1970) кітабы және «Жасыл жондар» (1974), «Зеңгір аспан» (1978),»Қыр қызғалдақтары» (1981), «Көкорай»(1984), «Жыр желкені» (1986), «Арай» (1987), «Өткел» (1989),»Теріскақпай» (1994; Матай қорының І.Жансүгіров атынд. сыйл. берілген. 1995), «Таңғы шық» (1996),»Тарайық» (1998),»Ақ теңізден бір тамшы» (2001),»Сәріде туған ақ сәуле» (2003). т.б. жыр жинақтары,сонымен
қатар «Сөз мәйегі» (1998) көркем-публицистик. кітабы. «Әкпе», «Жекпе-жек» дастандары жарық көрген. К.Бобошконың «Аңыздан ғажап ақиқат» ғыл.-танымдық кітабын,орыс ақыны А.Вознесенскийдің «Ор» поэмасын, немісақыны Б.Брехтың лирикаларын қазақтіліне аударған. Жас ақындардың респ. бәйгесінің бас жүлдегері (1966)