ЖАНБОТА Досан (Жалаулы) (10.5.1935 ж.т., Алматы обл. Райымбек ауд. Жалаулы а.) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1964). Алғашқы өлеңдері обл. «Коммунизм нұры» (қазіргі «Жетісу), респ. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында жарияланған. 1965 -68 ж. Қазақ КСР телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемл. к-тінің теле студиясында әдеби қызметкер, 1968 -75 ж. қазақрадиосының «Шалқар» редакциясында бөлім меңгерушісі, 1975 -86 ж. «Жалын» әдеби альманағының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1986-96 ж. Қазақ энциклопедиясы бас редакциясында редактор болып еңбек еткен. «Жер жылуы» повестер жинағы, «Дүниедегі ең ұзақ жол» романы, «Тастар сыр шерткенде» повесі, » Шыңдағы шынарлар»(Даулыағаларым-ай) деректі әңгімелері, «Дала оттары» повесі жарық көрген.