ЖАНАҚ Сағындықұлы кіші Жанақ (1870 ж.т.,Шығ. Қазақстан обл. Абыралы ауд. Қайнар кеңшары. Жақсы Абыралы қонысы -1945. Нұра өзені бойы. Төре а.) -ақын. Ж. ауыл молдасынан дәріс алып, хадимше хат танып,діни білім алған. Әкесі Сағындық құсбегі кейіннен Ж-ты Түркістанөңіріндегі Қарнақ медресесінде,Ташкент қ-ндағы медреседе оқытқан. Ж. жас кезінен өнер жолына түсіп, домбыра тартып, жыр-дастандарды жатқа білген. Ж. 1790 -97 ж. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып,қозғалыс жаршыларының бірі болған. «Қозы Көрпеш -Баян сұлу» жырының халық арасына ең көп тараған нұсқасын сонда айтып,шығарған. 1846 ж. жазда еларалаған поляк А.Янушкевич жазған Жанақ -осы кіші Ж. Ж. қазақгың батырлық эпостарының, махаббат дастандарының көбін жатқа білген. Ж. өлеңдерін Ш.Уалихановжоғары бағалаған. Ж. көптеген дастан,өлең-толғаулар шығарған. Ақынның «Шұбарым,арғымағым, кермаралым» дейтін өлеңі Құрбанғали Халидидің («Тауарих-хамса», Қазан. 1910) кітабында жарияланды. «Рүстем төреге айтқаны»,»Баласы Сәнияздың атың Қамбар», «Мен едім Айдаболға келген Жанақ»,»Тоқты менен ешкінің қаны бірдей», т.б. өлеңдері бар.Оның жырларын алғаш рет Ы.Алтынсарин мен В.Радлов жинаған. Ақынның бірнеше өлеңдері «Бес ғасыр жырлайды» (1985. 1-том) жинағында басылған. Ақын өмірін зерттеуші С.Тәбәрікұлы «Жанақ ақын» атты зерттеулер мен мақалаларкітабын (1997) жарыққа шығарып,онда Ж-тың бірнеше өлеңдері жарияланды. Шығармалары Орт. ғыл. кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы