ЖАНАЕВ Тәжібай

ЖАНАЕВ Тәжібай (20.3.1940 ж.т., Атырау обл. Қызылқоға ауд. Буракөл а.) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1965). 1965 -70 ж.мектепте мұғалім, 1970 -80 ж. «Қазақстан», «Жалын» баспаларында редактор, аға редактор. Әдебиет және өнер ин-нда ғыл. қызметкер болып істеген. Фельетондары 1958 жылдан ( «Бураға мінген серілер» )жариялана бастады. «Үміт оты» (1974), «Соңғы жеті шақырым» (1976),»Тобанияз қыстауы» (1998),»Періштелер жыламайды» (2001) әңгімелері мен повестері басылып шыққан. РАкутава, К.Паустовский. В.Катаев, Аленьдо , Сантос, Витаутес Римчикавючис, Уильям Санди және т.б. шет ел жазушыларының әңгімелері мен Н.Вороновтың «Пілге үйір бала» (1982) повестері мен әңгімелері. А.Кешковтың»Сынғантаға» романы (1987),»Қазақстан халықтарының ертегілері» (1996),т.б. кітаптарды қазақ тіліне аударған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *