«ЖАМИҒат-ТАУАРИХ» -Қадырғали Қосымұлы Жалайыридың шығармасы. Жазбаның бас жағы Борис Годунов патшаға мадақ, орта тұсы Ралшд әд-Дин шежіресінің ықшамбаяны, аяғы Орыс хан мен Оразмұхаммед аралығындағы оқиғаларды қамтыған Шыңғыс ұрпақтарының тарихы. Қадырғали Жалайыри шежіресі Рашид әд-Дин жазбасының көшірмесі емес. Көлемі шағын, бірақ тың тараулары бар жеке тарихи жазба. Шығарма 1602 ж. Ресейде жазылған, екі бөлімнен тұрады. Бірінші негізгі бөлімінде Рашид-әд-Диннің көпке белгілі «Жамиғ ат-тауарих» кітабының қысқартылған нұсқасы түрік тілінде берілген Алтын Орда, Қырым, Астрахан және Қазақ хандықтары тарихынан қысқаша баяндаулар келтірілген. «Ж. ат-т-тың» екі нүсқасы белгілі. Оның бірін Н.И. Березин 1825 ж. Қазанун-тінің қызметкері Ибрагим Халфиннен алып, 1854 ж. Қазанда бастырған. Бас-аяғы толық емес. Бұл басылыммен Ш.Уәлиханов, көптеген татар, қазақ ғалымдары таныс болған. Ал 1922 ж. Қазан молдасы Г.Галеевтің Орт. шығ. кітапханасына мұраға қалдырған кітаптарының ішінен «Ж. ат-т-тың» екінші толығырақ нұсқасы табылды, шығарманың жазылған мерзімі жөнінде деректер берілумен қатар, екінші бөлімге жататын кейбір толықтырулар бар. Оның ең ақырғы тарауында қазақ тарихының 16 ғ-дағы оқиғалары,қазақ хандары мен сұжандарының генеологиясы берілген. Мыс., Қасым ханның, Жәдік сұлтанның, Ондан сұлтанның, т.б. балалары туралы, басқа деректемелерде айтылмайтын «Жағат маңындағы» ұрыста 37 қазақ сұлтанының қаза болғандығы, Қасым хан мен Жәдік сұлтан сүйегінің жатқан жері жөнінде сөз болады. Шығарма Шығай ханның немересі, Ондан сұжанның баласы Ораз-Мұхаммедтің Ресей қарамағындағы Касымов хандығы тағына отырумен аяқталады. Шежіре қазақ тілінде алғаш 1989. одан соң 1991. 1997ж. жарық көрген. Кезінде Ш.Уәлиханов «Ж.ат-т-тың»үзінділеріне түсініктеме жазған.